
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Астана, Шымкент және Алматы қалаларының тұрғындарын әділет органдарының қызметіне қатысты сұрақтарымен қабылдады.
Вице-министр Даниэль Вайсов Шымкент қаласының нотариусы, Астана қаласы Мемлекеттік сот орындаушысы іс-әрекеттеріне, міндеттемелерді уақытында орындамау, сондай-ақ сараптама қорытындысына қатысты шағымдарды қарады.
Азаматтардың өтініштерін тыңдаған Әділет вице-министрі түсіндірме жауаптарын беріп, өз құзыретінде ұсыныстарын берді.
ҚР Әділет министрлігі азаматтарға қабылдаулар жүргізіп, кеңестер мен қолдау көрсетуді жалғастырады.
Бұл жұмысты министрлік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізіп жатыр.