Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады

Қазақстан Республикасы  1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады

2024 жылғы 29 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

Хаттама КСРО-ның ыдырауына және оның негізінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты 1999 жылы жасалған жоғарыда аталған келісімнің қолданылуын тоқтатады. Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде бар құпия өнертабыстарға және бұрынғы КСРО-да жасалған осындай өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібіне қатысты құқықтық қорғауды белгілеуге бағытталған.

Мысалы, егер Қазақ КСР кезінде мемлекеттік құпияны (мемлекетаралық құпияларды) құрайтын мәліметтерді қамтитын өнертабыс жасалса, онда мұндай өнертабыс бойынша жүгіну тәртібі, мысалы құпиясыздандыру, өнертабысқа патент беру және басқа да мәселелер ретінде жоғарыда аталған келісімнің нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын еді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде келісімнің барлық қолданылу кезеңінде КСРО-да іс жүргізу аяқталмаған құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы бірде-бір өтінішхат берілмегенін атап өту қажет. Бұл ретте өнертабыстарды құқықтық қорғау патент беруге өтінім берілген күннен бастап 20 жылды құрайтыны ескерілді. Сондай-ақ құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру жағдайлары болған жоқ.

Келісімнің өзектілігін ескере отырып, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңестерінің, ТМД мемлекет басшылары мен Үкімет басшыларының шешімдері негізінде ТМД Атқарушы комитеті келісімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында құрылған өнеркәсіптік меншік объектілерін құпияландыруды, құпиясыздандыруды қарау жөніндегі барлық мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы және Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерімен жұмыс істеу қағидалары шеңберінде қаралады.