ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында  Ботагөз Жақселекова қала тұрғындарын қабылдады.

Кездесуде  вице-министр әділет органдарының қызметі мен білікті адвокаттар көмегіне қатысты мәселелерді қарады.

Ботагөз Жакселекова әрбір азаматтың құқықтарын қорғау үшін өтініштер мұқият зерделенетінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтарға қабылдаулар жүргізіп, құқықтық кеңестер беріп, қолдау көрсетуді жалғастырады.

Бұл жұмыстар министрлік тарапынан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында іске асырылып жатыр.