Әділет министрлігінде «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді түзету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Әділет министрлігінде «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді түзету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді түзету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Жоғарғы Сот өкілдері, Ішкі істер министрлігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар құқықтық жүйенің заманауи қажеттіліктерін ескере отырып пікір алмасып, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Бүгінгі таңда Қылмыстық құқық саласындағы заңнамалық реформаны талқылау, Қазақстандағы құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған үлкен тәжірибе алаңына айналды.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзету функциялары құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне берілген болатын.