Құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күні өтті

Құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күні өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 29 қарашада Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының тұрғындары арасында құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.
Аталған шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын көтерумен қатар, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және Елбасының Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын насихаттау.
«Ашық есік» күніне тұрғындар тарапынан заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі, азаматтық хал актілерін тіркеу, ақысыз адвокаттық көмек алу, сот шешімдерінің уақытылы орындауы, несие алу мәселелері бойынша сауалдарға құқықтық көмек көрсетіліп, заңнама шеңберінде жауаптар қайтарылды.

Атырау облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі