Қазақстанның 19 қаласында ең ірі құқықтық кеңес беру акциясы өтті

Қазақстанның 19 қаласында ең ірі құқықтық кеңес беру акциясы өтті

30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлау қарсаңында Қазақстанның барлық ірі қалаларында тарихта алғаш рет еліміздің тұрғындарына ауқымды заң консультациясы - «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Қарағанды облысында акцияның ұйымдастырушылары «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ, Қарағанды облысы Әділет департаменті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті, «Нұр Отан» Партиясының Қарағанды филиалы, «Zakon.kz» және «Параграф» интернет порталдары.
Акция барысында еліміздің  үздік адвокаттары мен заңгерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, құқық қорғау, сот органдарының өкілдері, медиаторлар, сот орындаушылары  халыққа тегін құқықтық көмек көрсетті.  
Кездесуге келген облыстың әр тұрғыны жоғары білікті заңгерлік кеңес алды.
Айта кетейік, биыл «Халықтық заңгер» акциясы Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ жаңа форматта өтті. Шара бір күнде, бір уақытта еліміздің 19 ірі қаласында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент,Түркістан, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостанай, Павлодар және Семей қалалары.
Акция барысында мыңға жуық сарапшы халыққа көмек көрсетті. Осыған орай, «Халықтық заңгер» жалпы республикалық акциясын ұйымдастырушылар, шараны «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес беру» номинациясы бойынша «Гиннестің рекордтар кітабына» еңгізуге өтініш берді. Өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта Гиннестің рекордтар кітабының комитеті өтінішті қарап жатыр.

Қарағанды облысы 
Әділет департаментінің
Баспасөз-қызметі