
Әділет министрлігі Жоғарғы Сотпен бірлесіп LLP Reed Smith заң компаниясының қолдауымен «Сот жүйесі реформасы аспектісінде қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Дүниежүзілік Банктің, Жоғарғы Соттың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және Әділет министрлігінің өкілдері сөз сөйледі.
Шара барысында Үкіметтің заңнамалық бастамаларын талқылауда азаматтарды көптеп тарту, жаңа реттеуші құралдарды енгізетін барлық заң жобаларына реттеушілік әсерді талдауды тарату, сондай-ақ «Е-заңнама» ақпараттық жүйесінің жұмысы талқыланды.
Әділет министрлігі Дүниежүзілік Банктің «Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобасын іске асыру шеңберінде норма шығармашылығы процесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістерді көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы оны жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2024358).