
Азаматтарды қабылдау орталығында Қарағанды қаласының тұрғыны Азамат Есқараевқа тегін заңгерлік көмек көрсету туралы өтінішпен онлайн режимінде хабарласты.
Қабылдау қорытындысы бойынша Әділет министрі сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Азамат Есқараев Ұлытау облысы және Қарағанды облысының Әділет департаменттеріне қолданыстағы заңнама шеңберінде құқықтық көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.