Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы онлайн форматында талқыланды

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы онлайн форматында талқыланды

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы онлайн форматында талқыланды

2020 жылғы 27-29 мамырда Zoom-конференция форматында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділет институттары мен әкімшілік рәсімдерді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды талқылауға арналған семинар өтті.

Шара Дүниежүзілік Банктің (ХҚДБ) және MILLER, CANFIELD, W.BABICKI, A. CHELCHOWSKI I WSPOLNICY SPOLKA KOMANDYTOWA және GLCC Solutions LLC (Грузия) компаниялары консорциумының қолдауымен Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты - мемлекет жүзеге асыратын әкімшілік әділет реформалау аясында осы институттарды құру және дамыту бойынша басқа елдердің тәжірибесіне негізделген ӘРПК жобасын іске асыру бойынша ұсыныстарды сараптап, талқылау.

Іс-шараға Сенат пен Парламент Мәжілісінің депутаттары, сот және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар әкімшілік құқық саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың баяндамалары мен ұсыныстарын тыңдады.