Әділет министрлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс аясында «қоғамдық жұмысқа тарту» мәселесі қаралды

Әділет министрлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс аясында «қоғамдық жұмысқа тарту» мәселесі қаралды

Әділет Вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен «әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодекс шеңберінде «қоғамдық жұмыстарды» қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратураның, сот әкімшілігінің, Ұлттық экономика, қаржы, Ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Астана-Зеленстрой» ЖШС өкілдері қатысты.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты «қоғамдық жұмыстарды» қолдану тетігін талқылау және әкімшілік саясатты одан әрі жетілдіруге негіз болатын тиісті, ұсыныстар әзірлеу болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған мәселе бойынша түрлі пікір талқыланды, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың немесе ішкі істер органдарының «қоғамдық жұмыстарды» қолдану бойынша бақылау функцияларын беру мәселесі кең талқылауға түрткі болды.