
2020 жылғы 25-26 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен халықаралық спикерлерді тарта отырып «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және кедендік реттеу шаралары» тақырыбына екі күндік онлайн-тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
Тренингтің мақсаты кедендік реттеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін зерттеу, сондай-ақ осы саладағы басқа елдердің тәжірибесімен танысу болып табылады.
Тренингтің Фокус-аудиториясы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен аумақтық әділет органдарының өкілдері болып табылады.
Екі күндік онлайн-тренинг барысында халықаралық сарапшылар
АҚШ-та зияткерлік меншік құқықтарын бұзу саласындағы талап қоюлар үшін негіздер, романо-герман құқығының кейбір заң жүйелерінде зияткерлік меншік құқықтарын мәжбүрлеп жүзеге асыру жүйесі, АҚШ-та зияткерлік меншік құқықтарын мәжбүрлеп жүзеге асыру және т.б. тақырыптарда материалдар ұсынылды.
Халықаралық сарапшылар мен семинарға қатысушылар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті сертификаттар берілді.