
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.
Бұл заңдар партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жас адамдар үшін міндетті түрде 30% квота енгізуді, сондай-ақ саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетуді көздейді.
Ұсынылып отырған заңнамалық нормалар әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тарту үшін қосымша құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанда жаңа саяси партиялардың пайда болуына қосымша серпін береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шаралар 2019 жылғы
20 желтоқсанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президентпен атап өтілген болатын.