Әділет вице-министрі Алма Мұқанова азаматтарды қабылдады

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдау орталығында вице-министр Алма Мұқанова азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген Қарағанды қаласының тұрғындары ҚР Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 25 мамырдағы ұйғарымының негізінде ЖШС-нің таратылуының заңдылығына қатысты шағым айтып келді.

Вице-министр аталған мәселелер бойынша шағымдар жеке бақылауға алынып, тиісті құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырмалар берілетінін айтты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңестер беріп, қолдау көрсетуді жалғастырады.