
Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп «Ұлттық заңнама жүйесіндегі теріс қылықтар. Қазіргі қоғам жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылық ұғымдарын дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтардың құқықтық қатынастар жүйесіндегі орнын, оның мақсатын, шекарасын және қарастырылу шегін анықтау.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова конференция аясында әзірленген ұсыныстар, нормашығармашылық қызметке негіз болатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ өз сөзінде вице-министр: «Мен конференцияға қатысушыларға іс-шараны қолдағаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді және сіздерді құқықтық нормаларды жетілдірудегі алдағы қадамдарды талқылауға шақырамын», - деді.
Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық Соты және ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, отандық ғалымдар мен АҚШ, Ресей, Польша, Беларусия, Әзірбайжан, Қырғыстан, Өзбекстан мемлекеттерінен шетелдік танымал ғалымдар онлайн қатысты.