Павлодар облысының Әділет департаментінде қызметтік жиналыс өтті

Павлодар облысының Әділет департаментінде қызметтік жиналыс өтті

Павлодар облысы Әділет департаментінде қызметтік жиналыс өтті. Шараға Павлодар облысы Қазынашылық департаменті, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және Павлодар қаласы екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.

        Жиналыс барысында сот орындаушыларының іс жүргізу іс-қимылдарының мерзімдері, арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру және сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін автоматтандыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс кеңесіне қатысушылар сот актілерін орындау кезінде туындайтын басқа да проблемалық мәселелер, соның ішінде борышкерлердің есеп шоттарына тыйым салу (алу), сот орындаушыларының сұрауларына ақпарат беру және сот актілерін қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау мәселелері сөз болды.

        Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша қатысушыларға заңға енгізілген жаңалықтарды басшылыққа алу және қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарын сақтау ұсынылды.

 

Павлодар облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі