Әділет министрлігінің орынбасары халықаралық награда алды

Әділет министрлігінің орынбасары халықаралық награда алды

2018 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында адам құқықтары саласында жыл сайынғы Халықаралық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Марапат адам құқықтарын қорғау және Қазақстанда адам құқықтарын жылжыту істеріне қосқан зор үлестері үшін азаматтық қоғам ұйымдары, құқық қорғаушыларға, мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдеріне беріледі.

Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен, Канада, Швейцария, АҚШ елшіліктері және БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Марапаттау рәсімі кезінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әбілқасымқызы Әзімоваға «Барлығы үшін Әділ сотты дамыту» номинациясы бойынша халықаралық награда берілді.

Шараға мемлекеттік құрылымдардың, дипломатиялық корпустардың, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың 100-ге жуық өкілдері қатысты.