
Азаматтарды қабылдау орталығында Сандуғаш Ерсейітоваға Астана және Алматы қалаларының тұрғындары келді.
Қабылдау барысында министрлік аппаратының басшысы жұмыспен қамту және әділет органдарының қызметіне қатысты өзекті сауалдарға жауап берді.
Сандуғаш Ерсейітова әрбір мәселеге жекелей тоқталып, азаматтарға заңнамалық тұрғыдан кеңес берді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер министрлік аппараты басшысының жеке бақылауына алынып, тиісті құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырмалар берілетінін айтты.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңестер беріп, қолдау көрсетуді жалғастырады.