
2018 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе облысы Әділет департаментінде департамент жанында жаңадан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде Кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Кеңестің негізгі міндеттері: әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру және болдырмау үшін алдын-алу шараларын қабылдау.
Кеңес құрамына әділет департаментінің, депутаттар, әділет органдарының ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, «Атамекен» кәсіпкерлік Палатасының, «Азаматтарға арналған Үкімет «МК» КЕАК-тың, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, сот сараптама орталығының, БАҚ өкілдері енді.
Отырыста Кеңестің дербес құрамы, ережесі, кезекті отырысының күн тәртібі талқыланып, бекітілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаменті
Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі