9 айда Солтүстік Қазақстан облысының 9,5 мың тұрғынына тегін заң көмегі көрсетілді

9 айда Солтүстік Қазақстан облысының 9,5 мың тұрғынына тегін заң көмегі көрсетілді

Бұл туралы Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишим ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Вице-министр осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысының 9,5 мыңнан астам тұрғынына тегін құқықтық көмек көрсетілгенін және бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға (6,7 мың адамға) көп екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, вице-министр тұрғындарға жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы баяндап берді. Алдағы кезеңдегі міндеттермен бөлісіп, тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Өңірдегі құқықтық қамтамасыз ету және құқықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталған Даниель Ваисов азаматтарға заң қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін жергілікті халықпен белсенді диалог құруға дайын екендігін білдірді.