
2018 жылғы 14 желтоқсан сағат 11:00-де ҚР Әділет министірлігінде Әділет министрі Марат Бекетавтың төрағалығымен және мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 469-шы отырысы өтті.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында 3 заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылды:
• «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (баяндамашы-ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиееа);
•«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Ә.Қасенова);
Сонымен қатар, Әділет министрлігі әзірлеген акционерлік қоғамдарға қатысты кешенді, оның ішінде:
- «жария корпорациялар» деп аталатындармен байланысты акционерлік қоғамдардың;
- акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын коммерциялық емес ұйым ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы мәселелер қарастырылды (баяндамашы- ҚР Әділет вице-министрі Н.Пан).