Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен «Адами өлшем» сессиясы өтті

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен «Адами өлшем» сессиясы өтті

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезекті отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алаңында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың «Адам өлшемі» сессиясы өтті. Вице-министр американдық тарапқа жиналу, сөз бостандығы саласындағы прогресс, босқындарды қорғау және адам саудасына қарсы шаралар туралы ақпараттандырды.

Комиссия отырысында АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Николь Чалик ханыммен екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында Б.Жақселекова Әділет министрлігінің саяси және құқықтық реформаларды заңнамалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі жұмысын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тығыз өзара іс-қимыл мен жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.