2023 жылғы 24 және 27 қазанда Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен «Шапағат - 2023» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның екі отырысы өтті.
Конкурстық комиссия ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, «DARА» Президент бастамалар қоры, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті; ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және осы министрлікке қарасты академик Батпенова Н.Д. атындағы ҰҒТОО; «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП; «QazInnovations» инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы - С.Д. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық университеті» Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ерғали Нұғыманұлы Нәбиевке берілді.
Ғылым саласы: медицина; «Шапағат – 2023» өнертабыс саласындағы жетістіктер республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша дауыс беру арқылы ҚР келесі жеңімпаздары анықталды:
- «Жыл өнертабысы» номинациясында - «Үлбі металлургия зауыты» Акционерлік қоғамы жеңімпаз атанды.
- «Титан бериллидінен ірі габаритті дайындамалар мен бұйымдарды алу тәсілі» өнертабысына №35417 патентінің патент иеленушісі. Авторлары: Колмаков М. Г., Ударцев С. В. Аринова И.В., Зорин Б.Л., Фоминов Г.Ю., Вечкутов А.Н., Богачев В.А. Ғылым саласы: металлургия; «Өнертапқыш ханым» номинациясында - техника ғылымдарының докторы, Базарбаева Сәуле Маратқызы жеңімпаз атанды. №35729 «Алынған өнімдерді құрылыс материалдарына кәдеге жарату арқылы шламдарда хромды (VI) детоксикациялау тәсілі» патентінің бірлескен авторы.
- Ғылым саласы: өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология, қоршаған ортаны қорғау; «Жас өнертапқыш» номинациясында - PhD докторы Александр Сергеевич Барукин жеңімпаз атанды. Бірқатар патенттердің патентиеленушісі мен авторы.
- Ғылым саласы: Электр энергетикасы; «Үздік инновациялық компания» номинациясында - «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ, 1997 жылы берілген ҚР өнертабысына алғашқы патенттің, сондай-ақ 1025 қорғау құжаттарының, оның ішінде 60 шетелдік, КСРО-ның 40-тан астам, Ресей Федерациясы мен Еуразиялық патенттерінің иегері.
- Ғылым саласы: химия және химия өнеркәсіб; «Жас дарын» номинациясында - Атырау қаласы, IT-мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қыдырбай Қазыбек жеңімпаз атанды. «Газ бен өрттен қорғау жүйесі» жобасының авторы.
Ғылым саласы: өрт қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар. Сонымен қатар, жас ұрпақты ынталандыру мақсатында «Жас дарын» номинациясы бойынша «Өнертабыс саласындағы инновациялық жобалары үшін» дипломдары бойынша 5 дипломант анықталды. Олар:
- Ибраев Мирали (10-сынып), Сегізбаева Зарина (9-сынып) Павлодар қ. НЗМ;
- Зинуллин Нұрсұлтан, 11-сынып Орал қ;
- Керімқұлова Адия, 10-сыныбы НЗМ Тараз қ;
- Арынұрұлы Нұртөре, 10-сынып НЗМ Астана қ.;
Доскемпирова Каролина, 10-сынып Алматы қ. «Шапағат-2023» байқауының бас демеушілері:
- Eurasian Resources Group – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания. ERG Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінің үштен бірін, сондай-ақ Орталық Азиядағы негізгі электр энергиясын жеткізушілердің бірі және ірі теміржол операторын алады;
- BI Group – құрылыс, девеломпент және инжиниринг технологияларына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуге бағытталған перспективалы бағдарламалары бар көпсалалы холдинг. Байқаудың ресми демеушілері:
- «Қазақмыс» корпорациясы – негізгі активтері тау-кен өндіру саласында және түсті металлургияда шоғырланған тігінен интеграцияланған холдинг;
- «Тагбергенова және серіктестер» зияткерлік меншік агенттігі» ЖШС.