
Азаматтарды қабылдау орталығына келген Астана, Алматы қалалары және Қарағанды облысының тұрғындары Әділет вице-министріне бірқатар мәселелер бойынша шағымданды.
Олар жеке сот орындаушылардың әрекеті, аттестаттау және құқықтық түсіндіру жұмыстарына қатысты мәселелерін жеткізді.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр тиісті салалық департамент басшыларына тапсырмалар берді және көтерілген мәселелер жеке бақылауында болатынын жеткізді.