Қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өтті

Қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өтті

2023 жылғы 27 қазанда Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.  

Тестілеуге Министрліктің 53 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды.