ҚР Әділет министрлігінде заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

ҚР Әділет министрлігінде заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

ҚР Әділет министрлігінде Әділет вице-министрі А.Қ.Мұқанованың төрағалығымен мемлекеттік органдардың заң қызметтері басшыларының, «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге көшу және жалпы процестің сапасын арттыру қажеттілігі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, әкімшілік іс жүргізу кодексі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бақылауды күшейту, құқықтық мониторингті реформалау, құқықтық актілерді қоғамдық талқылау мәселелері қаралды.