Сот-сараптама қызметімен айналысу лицензиясын беру мерзімдері қысқартылды

Сот-сараптама қызметімен айналысу лицензиясын беру мерзімдері қысқартылды

«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, қызметті алушылар лицензия алу үшін 6 құжат ұсынады. Оңтайландыру құжаттарды 6-дан 2-ге дейін қысқартуды қарастырады. Атап айтқанда:

- ҚР ДМ деректер базасынан наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтама;

- еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек шартын деректер базасынан ҚР ЕХӘҚМ;

- ҚР БҒМ деректер базасынан қосымша жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі.

Осы өзгерістер есебімен Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күнінен 6 жұмыс күніне дейін  қысқартылады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушыға небәрі 2 құжат: өтініш пен мәліметтер формасы беріледі.

Бұған қоса, ҚР БП ҚСжАЕК деректер базасынан көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түсу сатысында соттылықтың болуы болмауы туралы анықтамалар беруді көздейді.