
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке бірлестіктерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне құқықты тану үшіне аккредиттеу жүргізілетінін хабарлайды.
Аккредиттеу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) Құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариаттық куәландырылған көшірмелері, яғни түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін;
Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданылады.
3) Бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Аккредиттеу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылдың
18 мамырдан 3 маусымнын қоса алғанда.
Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы Нұр-Сұлтан қ., «Министрліктер үйі» ғимараты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
13 кіреберіс (кеңсе) мекенжайына ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін 558737, 955096 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.