Түркістан облысында адвокаттар, нотариустар және ЖСО-мен кездесу өтті

Түркістан облысында адвокаттар, нотариустар және ЖСО-мен кездесу өтті

Түркістан облысының Әділет департаменті адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушыларымен кездесу өткізіп, Әділет министрлігімен ұсынылып отырған реформаларды талқылады. Қатысушылар жоспарланған шараларға қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, нотариустар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест сұрақтарын қайта қарастыру бойынша және компьютерлік аттестаттаудың тек қана 1 кезеңін өткізу туралы ұсыныс түсті.

Атап өтейік, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, адвокаттар алқасында тағылымдамадан ойдағыдай өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді.