Адвокаттық және нотариаттық қызметке үміткерлерді аттестаттау тәртібін реформалау бойынша дөңгелек үстел өтті

Адвокаттық және нотариаттық қызметке үміткерлерді аттестаттау тәртібін реформалау бойынша дөңгелек үстел өтті

Атырау облысында Адвокаттар алқасының адвокаттары, Нотариаттық палатаның жеке нотариустары  және Атырау облысы бойынша өңірлік сот орындаушылар Палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – адвокаттық және нотариаттық қызметтерге  үміткерлерді аттестаттау тәртібін реформалау бойынша  ұсынылған ақпаратты талқылау. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен өту мәселесі сөз болды.

Дөңгелек үстел барысында мекеме өкілдерінің пікірлері тыңдалып, адвокаттық және нотариаттық қызметтеріне  үміткерлерді аттестаттау тәртібін, компьютерлік тестілеу рәсімін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне  беру ұсынысына  қолдау білдірілді және аттестаттаудың екінші кезеңі бойынша ұсыныстар ортаға салынды.   

   

Атырау облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі