Жыл сайынғы «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасы басталды

Жыл сайынғы «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасы басталды

Жастардың зияткерлік меншік мәселелеріне қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайынғы «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасы өтіп жатыр. Шара ағымдағы жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады. Оған кәсіби орта, жоғары білім, ортақ жалпы оқу бағдарламасын жүзеге асыратын оқу ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ басқа да 10- 25 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Универсиада шығармашылық жұмыс немесе жоба конкурсы түрінде, жыл сайын өнеркәсіптік меншік мәселелеріне қатысты тақырыпта өтеді. Тақырыпты әр жас санаты үшін Еуразиялық патеннік ұйым анықтайды. Қатысу шарттарына қатысты толық ақпарат, сондай-ақ универсиаданың өткізілу тәртібі ЕПҰ www.eapo.org. веб-порталында жарияланған.