Алматы облысының жеке сот орындаушыларымен дөнгелек үстел өткізілді

Алматы облысының жеке сот орындаушыларымен дөнгелек үстел өткізілді

Алматы облысы Әділет департаменті басшысының төрағалығымен, Талдықорған қалалық сотының, Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының, сондай-ақ Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жеке сот орындаушыларының жұмысындағы кемшіліктерді талқылау және түсіндіру.

Дөңгелек үстел барысында "АИС ОИП" және "Төрелік" ақпараттық жүйелеріне қатысты орын алған кемшіліктер, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде орын алған кемшіліктерді шешу жолдары, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар істер санаттары бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жұмыс әдістерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

 

Алматы облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі