Қазақстандықтар АХАЖ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпаратты түзете алады

Қазақстандықтар АХАЖ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпаратты түзете алады

Егер Сіз өзіңізге немесе кәмелетке толмаған балаңызға қатысты тіркелген азаматтық хал актілеріндегі қате мәліметтерді тапсаңыз, немесе (eGov mobile, kaspi.kz, halyk) электронды құжаттарыңыз болмаса, Сіз «электрондық үкімет» порталы немесе eGov mobile арқылы мәліметтерді түзетуге өтінім бере аласыз.

Ол үшін бірінші кезекте ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) болуы және «электрондық үкімет» порталында тіркелу қажет.

Порталдың басты бетінде, сервистер бөлімінде «Мәліметтерді түзету сервистері» сілтемесі бойынша кіріп, «Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдап, қажетті мәліметтерді толтыру керексіз.

Қызмет көрсету нәтижесі АХАЖ АЖ-да мәліметтерді өзектендіру мәртебесі туралы ақпарат болып табылады.