
2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10-тармағын және Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 2023 жылға арналған ғылыми зерттеу мен заң жобалау жұмысы жоспарының 7-6-тармағын іске асыру мақсатында Лингвистика орталығының басшысы, з.ғ.к., доцент Н.М. Примашев Астана халықаралық университетінде «Нормашығармашылық қызмет және ғылыми лингвистикалық сараптама» тақырыбына дәріс-таныстырылым өткізді. Дәріс барысында білім алушыларға заң және халықаралық шарт жобаларына жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша мағлұмат берілді.
Дәріс-таныстырылым барысында Н.М. Примашев білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.