
А.ж. 18 қаңтарында Корея Республикасы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары кезінде Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаевпен Корея Республикасының Әділет министрі Пак Санг Гимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Тараптар Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Әділет министрліктері арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық сұрақтарын, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту және тереңдету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Корея Республикасы Әділет министрліктері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасты.
Кездесу нәтижесінде Тараптар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен мен Корея Республикасы Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Келісімге жедел түрде қол қоюға ниеттілігі туралы, сондай-ақ тараптар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Хаттамаға қол қойды.