
2023 жылғы 12 қыркүйекте Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың патенттік сенім білдірілген өкілдерімен кездесуі өтті, онда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты мәселелер талқыланды.
Әділет вице-министрі патенттік сенім білдірілген өкілдерді заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту жөніндегі бекітілген Жол картасында көзделген іс-шаралар туралы хабардар етті.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында патенттік сенім білдірілген өкілдер 120 жуық ұсыныс енгізді.
Кездесуге қатысушылар тауар белгілері бойынша сараптама жүргізу сапасына және сарапшылардың біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігіне назар аударды.
Бұдан басқа, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК базасында патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттар үшін онлайн-мектеп ашу туралы мәселені қарастыру ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Әділет министрлігінің жанынан құрылатын заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде патенттік сенім білдірілген өкілдер ұсынған түзетулерді егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға келісті.