Қазақстан адам құқықтарының ұлттық индикаторларын енгізіп отырған алғашқы елдердің бірі

Қазақстан адам құқықтарының ұлттық индикаторларын енгізіп отырған алғашқы елдердің бірі

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің төрағалығымен екі күн ішінде адам құқықтарының ұлттық индикаторларын енгізу бойынша қорытынды кеңес өтті.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі қатысты.

Кеңес барысында құқыққа қатысты Адам құқықтары индикаторының Алты көрсеткіші тізбесі келісілді: әділ сот талқылауына, білім алуға, жеткілікті тұрғын үйге, өз елін басқаруға қатысуға, азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне жол бермеу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі және оларды іске асыру тәсілдеріне қатысты көрсеткіштерінің тізбелері келісілді.

Қазақстан Республикасы БҰҰ АҚЖКБ индикаторларын енгізіп отырған алғашқы елдердің бірі екенін атап өту маңызды.

Бүгінгі күні Адам құқықтары индикаторларын кезең-кезеңмен енгізуді орнықты даму мақсаттарының индикаторларымен ұштастыру бойынша оларды кезең-кезеңмен енгізу мақсатында қамтамасыз ету  жұмыс аяқталды. Өз кезегінде, 2021 жылдан бастап БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы әзірлеген жаһандық индикаторлар негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалау индикаторларын бейімдеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2021 жылғы 25 ақпандағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын және Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын орындау үшін жүргізілді.

Сөз кезегінде, БҰҰ-ның Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы өңірлік бөлімшесінің қолдауымен Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп  кеңесті ұйымдастырушы болды.