Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Әлия Ехласова Германияның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) бас директоры Фрауке Бахлермен кездесті

Кездесу барысында 2009 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Әділет министрліктері арасындағы алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме аясында зияткерлік меншік саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Бұл ретте тараптар зияткерлік меншік саласындағы халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибе алмасу үшін Қормен одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне тілектерін айтып, алдағы уақытта да жемісті жұмыс жасайтындарына сенім білдірді.