
Азаматтарды қабылдау орталығында Алма Мұқанова жеке қабылдау өткізіп, қазақстандықтардың мәселелерін тыңдады.
Әділет вице-министрінің қабылдауына келгендер құқықтық түсіндіру мәселелерімен, сонымен қатар жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымданды.
Алма Мұқанова азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелерді өз бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ салалық департаменттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Министрліктер үйіндегі Азаматтарды қабылдау орталығы орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде өз қызметін жүзеге асыратынын естеріңізге саламыз.