
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лаузымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның негізгі қызметі арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңгерлік және/немесе экономикалық және/ немесе медициналық), кемінде 5 жыл басқарушылық еңбек өтілі бар білікті басқарушы.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде келесі мекен-жайда қабылданады: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 937 каб. байланыс тел. 8 (7172) 74-06-68, 74-00-88, 8 771 607 07 64
Әңгімелесудің өткізілетін күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабардар етілетін болады.