Ағымдағы жылғы 25 қаңтар күні сағат 11:00-де Әділет министрі Марат Бекетавтың төрағалық етуімен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында заң жобалардың тұжырымдамалары қарастырылады:
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ЭМ);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ҰЭМ).
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2017 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00-ге дейін pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 74-06-01, 74-06-02