
Әділет министрі Азамат Есқараев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні әрбір қазақстандық үшін, оның ішінде әділет органдарының қызметкерлері үшін ерекше маңызын атап өтті.
«Конституция - біздің мемлекеттілігіміздің негізі, қазақстандықтардың ерік-жігері, құқықтары мен бостандықтарын іске асыруы. Тәуелсіздік алғаннан бері, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізгі жалпы адамзаттық құндылықтар - сөз бостандығы, таңдау еркіндігі және құқықтың үстемдігі негізінде, елдің экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз ету бойынша өзінің негізгі функциясын орындап отырғанын», - Әділет министрі атап өтті.
Іс-шара барысында Азамат Есқараев Министрлік қызметкерлерін грамоталармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен марапаттады.
Мұнан басқа, іс-шара аясында әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.