
2019 жылдың 28 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушысының, халық алдында есеп беру кездесуі өткізілді.
Кездесуге облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, маслихат депутаттары, облыстық кауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері және облыс тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында, Департамент басшысының міндетін атқарушысы Даурен Жигулиұлы өткен жылдағы атқарылған жұмыстар және 2019 жылға қойылған басты мақсаттар туралы толық баяндады.
Дүнижүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің Әділет министрлігіне бекітілген 4 индикатор бойынша Жамбыл облысының Әділет департаментімен 2018 жылы 564 іс-шара өткізілгені туралы атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар, атқарушылық іс жүргізу және құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алды.
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі