Ақтөбе облысында халыққа тегін заң көмегін көрсету бойынша акция өткізілді

Ақтөбе облысында халыққа тегін заң көмегін көрсету бойынша акция өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Ақтөбе облысы Әділет департаментімен Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановтың, қалалық мәслихаттың, адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының, жеке сот орындаушыларының, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы және Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерінің қатысуымен "Менің арманым мен құқығым" атты іс-шара өткізілді.
Шара мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық ортада жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. 
Кездесу барысында сот актілерін орындау, мұраны рәсімдеу, жер телімдерін, тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру мен жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысы 
Әділет департаменті