
Азаматтарды қабылдау орталығында Ботагөз Жақселекова жеке қабылдау өткізіп, қазақстандықтардың мәселелерін тыңдады.
Әділет Вице-министрінің қабылдауына келгендер құқықтық түсіндіру, сонымен қатар адвокат пен нотариустардың іс-әрекеттеріне арызданды.
Ботагөз Жақселекова барлық өтініштерге толық жауап беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауына алды. Салалық департаменттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Осы жылдың шілде айынан бастап, Министрліктер үйінде, орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде өз қызметін жүзеге асыратын азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастағанын атап өту маңызды.