Әділет министрлігінің қызметкерлері авторлық құқық бойынша журналистерге арналған семинар өткізді

Әділет министрлігінің қызметкерлері авторлық құқық бойынша журналистерге арналған семинар өткізді

Әділет министрлігінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне материалдарды дайындау кезінде авторлық құқық объектілерін пайдалану мәселелері бойынша «Atameken Business» телеарнасы мен inbusiness.kz сайтының тілшілеріне арналған семинар өткізді.
Іс-шараны аша отырып, әділет вице – министрі Ботагөз Жақселекова журналистер – мақалалары, репортаждары мен материалдары қоғамның мәдени және ақпараттық мұрасының бір бөлігіне айналатын шығармашылық тұлғалар екенін атап өтті.
«Материалдарды дайындау кезінде авторлардың құқықтарын сақтау тек этика мен заңдарды сақтау мәселесі ғана емес, сонымен қатар бірегей туындыларды жасауға өз білімін, энергиясы мен уақытын жұмсайтын авторлардың еңбегін құрметтеу қажет», - деп атап өтті әділет вице-министрі.
Семинар барысында Әділет министрлігінің өкілдері авторлық құқық саласындағы заңнаманың негізгі ережелерін және авторлардың құқықтарын сақтау қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ, авторлық құқық объектілеріне сілтеме жасау және оларды еркін пайдалану жағдайлары бойынша практикалық ұсыныстар берілді.