Азаматтарды қабылдау орталығында Азамат Есқараев жеке қабылдау өткізіп, қазақстандықтардың мәселелерін тыңдады.
Әділет министрінің қабылдауына келгендер құқықтық түсіндіру, заңды тұлғаны тіркеу, сондай-ақ жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне арызданды.
Азамат Есқараев барлық өтініштерге толық жауап беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауына алды.
"Кейбір сұрақтар мұқият тексеруді қажет етеді. Мен салалық департаменттердің басшыларына азаматтардың өтініштерін қарап, оларға жауап беруді тапсырамын", - деп атап өтті министр.
Осы жылдың шілде айынан бастап, Министрліктер үйінде орталық мемлекеттік органдардың Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастаған болатын. Бұл орталықты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.