
Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді!
Шара ағымдағы жылғы 11 тамызда сағ. 11.30-да «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» ғимаратында мына мекенжайда: Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 55 үй, 5 корпус, өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу ағымдағы жылғы 10-тамызына сағ. 12.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің мына телефон нөмірлері: 70-40-28, 8-701-874-49-40 жүзеге асырылатын болады.