Әділет министрі Азамат Есқараев Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Әділет министрі Азамат Есқараев Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Ағымдағы жылғы 11 тамызда сағ. 10.00-та  «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» ғимаратында Әділет министрі Азамат Есқараевтың Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді (мекен-жайы: Өскемен қ. Қазақстан көшесі, 55 үй, 5 корпус).

Іс-шараға белсенділер, қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және  БАҚ өкілдері қатысады.

Азаматтардың сауалдары, сұрау салулары және ұсыныстары a.alipova@adilet.gov.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады.