
Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Алматы облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп семинар-кеңес өткізді.
Кеңесте Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы арасындағы өзара іс-қимыл барысында мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мәселелері көтерілді.
Бұдан басқа, семинар-кеңеске қатысушылар "АИС ОИП" және "Төрелік" ақпараттық жүйелерінің жұмысы туралы айтып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік мәселелері бойынша бірқатар түзетулерді талқылады.
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі