2019 жылғы 7 ақпанда сағат 16:00 - де Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен сарапшыларының қатысуымен «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін қорғау» атты оқыту семинары өтеді.
Сіздер семинардан тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу туралы мол ақпарат аласыздар.
Сонымен қатар, оқу барысында құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша сұрақтар қарастырылады (IT мамандар мен стартапшыларға).
Семинардың ұйымдастырушысы – ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК.
Мекен-жайы: Astana Hub, Event hall, 1-ші қабат
Кіру тегін. Семинарға тіркелу https://astanahub.com/events/149?fbclid=IwAR3pjSjLLGs0NnceSJ20pm25-ItMwg...сілтемесі бойынша.